» Материалы за Февраль 2017 года » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ардагер ұстаздар

Автор: admin от 16-02-2017, 13:00, посмотрело: 560

17

 

 

 

 

Аметкұлов Тұтқабай

 

1938 жылы 10 шілдеде Шымкент облысына қарасты Мақтарал ауданының Ленин колхозында дүниеге келген.

1946 жылы Ташкент облысы,Сырдария ауданындағы Лермотов атындағы орта мектебінің

1-сыныбына оқуға барып,оны 1956 жылы бітіріп шықты.

1957 жылы тың игеру жылдарында жаңадан ашылған Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданына қарасты «Мақталы» совхозына отбасымен көшіп келіп еңбекке араласты.

1967-1972 жылдар аралығында Ташкентегі ауылшаруашылық иниститун агроном мамандығы бойынша сырттай оқып бітірді.

«Мақталы» совхозында 1957-1963 жылдар аралығында мақта бригадирі.1963-1964 жылдар аралығында кассир, 1964-1965 жылдарда завхоз, 1965-1967 жылдарда есепші, 1967-1968 жылдарда аға есепші, 1968-1970 жылдарда агроном , 1970-1974 жылдарда аға агроном, 1974-1985 жылдарда бөлімше басқарушысы.

1985-1987 жылдарда «Селхозхимияда » директорлық қызыметте, 1987-1990 жылдарда №4 бөлімшісінде басқарушы, 1990-1994 жылдарда директордың орынбасары, 1994-1996 жылдарда МТФ да бригадир, 1996-1997 жылдарда №2 бөлімшеде басқарушы қызыметтерін атқарған.

Бар өмірін Мақталы совхозында еңбек етуге арнаған. Еңбегі ескерусіз қалған жоқ.

1970 жылы Лениннің 100 жылдығы медалімен, 1976 жылы « Құрмет белгісі» орденімен, 1981 жылы «Еңбек қызыл ту» орденімен, 2004 жылы тың игерудің 50 жылдығы медалімен марапатталған.

2001 жылдан бері зейнеткерлікке шығып, немере – шөбере өсіріп отырған ата.

2009 жылы 14 қазандағы №24-180-IV шешімімен «Мақтарал ауданының құрметті азаматы» атағы берілген

Категория: Мектеп

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 16-02-2017, 12:53, посмотрело: 515

0

Мектеп директоры

 

 

 

Мырзахасов Ануарбек Сарыпбекұлы

Мырзахасов Ануарбек Сарыпбекұлы 1972 жылы 27 тамызда осы Мақталы ауылдық окруігінде дүниеге келді. 1978 жылы Коммунизм атындағы орта мектепті 1988 жылы бітіріп, 1990 жылы совет армиясы қатарына алынды. Әскерді 1992 жылы бітіріп, өз борышын өтеп ауылға оралды. Бұдан соң еңбексүйгіш Ануар өз мақсатына жету үшін, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Ануар оқуын 1998 жылы бітіріп шықты. 1999 жылы болса отбасын құрды. Өз оқуын бітірген соң Ануар ауылындағы «Достық» мектебіне технология пәнінен мұғалім болып жұмысқа кірді. Технология пәнінің мұғалімі болып 3 жыл жұмыс істейді. Ал бұдан соң 2001 жылы сол «Достық» мектебінде мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары болып қызмет атқарады. Тәрбие ісінің орынбасары болып 1 жыл қызмет атқарып, 2002 жыл мектеп директорының оқу ісінің орынбасары болып тағайындалды. «Достық» мектебінде бұл қызметін 4 жыл атқарып, 2006 жылы Ы.Алтынсарин елді мекеніндегі №96 Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебіне мектеп басшысы яғни директорлық қызметке тағайындалды. А.Мырзахасов әлі де мектеп басшысы болып абыройлы қызмет атқаруда. Қазіргі таңда отбасында екі ұл, үш қызы бар.

Категория: Мектеп » Мектеп директоры

 

№96 Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің тарихы

Автор: admin от 16-02-2017, 12:43, посмотрело: 471

12

№96 Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің тарихы

 

Мектеп 1957 жылы қыркүйек айында сегіз жылдық мектеп негізінде ашылған. Тыңды игеру жылдарына тұспа-тұсмерзімде ашылған Мақталы кеңшарының №3бөлімшесі алғашқыда кеңшар орталығы болды және бірнеше ұлттың балалары осы мектепте білім алды.

1959 жылы мақта терімшілеріне арналып салынған ғимарат мектепке беріліп оқушылар сол ғимаратта білім алды. Кеңшар орталығы №2 бөлімшеге ауысуына байланысты көптеген тұрғындар сол жаққа қоныс аударды.Сондықтан 1990жылдарға дейін оқушы санының аздығына байланысты негізгі мектеп күйінде қалды. Тұрғындардың 9-10 сынып оқитын балалары кеңшар орталығына қатынап оқуға мәжбүр болды.

1991 жылдан бастап мектеп орта мектепке айналды. 2011 жылы мектеп осы жаңа ғимаратқа қол жеткізді. Мектепте Шералиев Кемелбек Икрамовбекұлы, Нұралиев Әуен, Демеуов Нақыпбай, Исхақов Оразбай, Көлбаев Толыс, Сұлтанмұратов Көпжасар, Медеуов Әбдіманап, Тілеубеклв Рахмет басшылық қызметте болды. 2006 жылдан бері бүгінгі таңда Мырзахасов Ануарбек басқарып келеді.

Мектеп қабырғасында білім алып, елге танымал болған тұлғалар баршылық. Солардың кейбіреулерін айтар болсақ: Рыскелдиев Бердіқұлды ғылыми кандидатты Тәліпбеков Әбілсейітті атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда 70-ке тарта адам жұмыс істейді. Оның 37 –і ұстаздар болса, 3-і жоғары санатты, 30-ға жуық тартасы І –ІІ санатты өз жұмысын абыроймен атқарып жүргендер. Қазір мектепте 15 сынып комплектісі бар. Бір ауысымда жұмыс жасайды. Акт зал, асхана, спорт зал бар. Оқушылырдың білім алуына, спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіншіліктер жасалған.


Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед